Аталған сапар білім бағдарламалары шеңберінде Түркия Республикасының Үкіметі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (ТИКА) қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстан мемлекеттік мекемелерінің өкілдері Түркияның мемлекеттік саясаты, мемлекеттік қамтылу, электронды үкімет жүйесімен, мемлекеттік басқару құрылымымен, мемлекеттік басқаруға үйрету тарихымен, жұртшылықпен байланыс, қоршаған ортаны қорғау мәселелері, әкімшілік құқық пен әкімшілік соттар, жергілікті әкімшілік басқару, сондай-ақ қайта құрулар мен адам ресурстарын басқару жүйесімен танысуда. ТИКА өкілдерінің ақпараты бойынша, осындай білім бағдарламалары келесі жылы да жалғасады.