ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылды
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жәнеҚазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгеріс пентолықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Президентітуралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағыКонституциялық заңының 33-бабына сәйкес қаулы етемін:
1. Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі– мекеме) құрылсын.
2. Мекеменің штат саны 33 бірлік мөлшерінде белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мекемеге қатыстыуәкілетті орган болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасының Президенті мекеме директорын қызметкетағайындайды және қызметтен босатады деп белгіленсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің«Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесін, оныңмүлкін мекемеге бере отырып, таратсын;
2) бір ай мерзімде мекеменің жарғысын әзірлеп, белгіленген тәртіптебекітуге енгізсін;
3) мекеменің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
4) осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігімен бірлесіп, мекемені орналастыру үшін ҚазақстанРеспубликасының заңнамасында белгіленген тәртіппен үй-жай бөлуді қамтамасызетсін.
7. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентініңкейбір жарлықтарына өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін.
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті | Қ.Тоқаев |
Нұр-Сұлтан, Ақорда,2019 жылғы 22 шілде