Орталық коммуникациялар қызметінің басты мақсаты - мемлекеттік органдардың ақпараттық кооперациясын арттыру жолымен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылыққа мемлекеттік органдардың ресми ұстанымын қолма-қол жеткізу. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен коммуникациялардың дамуына, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауда қоғам рөлінің артуына септігін тигізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ержан Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.