АСТАНА. 2 мамыр. ҚазАқпарат - Ертең ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев «Отар» әскери базасында ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың қатысуымен брифинг өткізеді.
Брифингте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесі құрметіне өтетін әскери шерудің дайындығы туралы сөз болады.
«Отардағы әскери базаға баратын журналистерді 3 мамыр күні таңғы сағат 6:00-де Алматыдағы Республика алаңына жиналуларын сұраймыз»,-делінген ortcom.kz сайтында.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.