«Бұл салада соңғы уақытта айтарлықтай жұмыстар істелді. Дегенмен қазіргі таңда сәйкесінше органдардың жұмысына Мемлекет басшысының толығымен қанағаттанып отырмағандығын айтқан жөн. Бұған 1 қыркүйектегі Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Президенттің сөзі дәлел бола алады. Онда Елбасы жемқорлыққа қарсы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың маңыздылығын тағы да бір мәрте атап өткен еді», - деді жиынды ашқан Қ.Саудабаев.
Алқалы жиын барысында сыбайлас жемқорлықпен күресте Ақмола мен Алматы облыстарының әкімдіктері қолданып жүрген шаралар мен көші-қон заңнамасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметіне тексеру жүргізудің қорытындысына қатысты ҚР бас прокурорының бірінші орынбасары И.Меркельдің, Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың және жоғарыда аталған облыстардың әкімдері С.Дъяченко мен А.Мұсахановтың есептері тыңдалды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша Комиссия Ішкі істер министрлігіне, Ақмола мен Алматы облыстарыың әкімдеріне халықтың көші-қонын реттеу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды одан әрі жетілдіру, сондай-ақ 2011-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдау туралы нақты ұсыныстар жасалды.