ҚР Президенті Жапония Премьер-министрін Либералды-демократиялық партияның төрағалығына қайта сайлануымен құттықтады
13:23, 27 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-министрі Синдзо Абэні Либералды-демократиялық партияның төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.
«Сіздің Қазақстанға алғашқы ресми сапарыңыз біздің стратегиялық серіктестік қатынастарды сапалы жаңа деңгейге шығаруға қуатты серпін береді. Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізді Жапонияның Либералды-демократиялық партиясының төрағасы лауазымына қайта сайлануыңызбен құттықтағым келеді»,- деді Н. Назарбаев.
Бұл тұрғыда Елбасы Жапонияның Үкімет басшысы сайлау барысында өте маңызды әрі ауқымды бағдарламаны ұсынғанын атап өтті.
«Біз қазақстандықтар Сізге осы бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мықты денсаулық тілейміз»,-деді Елбасы.