Күн тәртібіне 18 мәселе шығарылған. Оның 7-еуі шағын құрамда талқыланады.
Атап өткен жөн, ЕАЭО аясында бақылаушы мемлекет статусына қатысты мәселе осы тізімнің ең маңызды бөлігі саналады. Бұл мәселені талқылау барысында мемлекет басшылары бақылаушы мемлекет статусын алу тәртібін және ЕАЭО органдары жұмысына бақылаушы мемлекеттер өкілдерінің қатысу форматын анықтайды.
Сондай-ақ, отырыс аясында ЕАЭО-ның 2018 жылғы халықаралық қызметтерінің негізгі бағыттары бекітіледі.