«Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады», - деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те.
Айта кетейік, биыл әдебиетіміздің алып бәйтерегі - Әбіш Кекілбаевтың туғанына 80 жыл. Осыған орай, қаламгердің мерейтойы халықаралық деңгейде аталып өтпек. Мәдени-танымдық шаралар легі еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылады.