«Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізіп, Президенттік жастар кадр резервінің өкілдерімен кездеседі. Сонымен қатар қаладағы индустриалды кәсіпорындарға баруы жоспарланған», - деп жазды Б.Уәли Facebook-те.
10:56, 04 Қараша 2021
ҚР Президенті жұмыс сапарымен Екібастұз қаласына келді
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Павлодар облысының Екібастұз қаласына келді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.