ҚР Президенті: Зияткерлік меншік нысандарына құжаттарды тіркеуді барынша жеңілдету қажет

АСТАНА. 10 қыркүйек. ҚазАқпарат - Зияткерлік меншік нысандарына құжаттарды тіркеуді барынша жеңілдету қажет. Бұл туралы бүгін «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

Экономиканың тиімді сатысына көшу Зияткерлік меншік мәнін арттыра түсетіндігін баса айтқан ҚР Президенті: «Зияткерлік меншік нысандарына құжаттарды тіркеуді барынша жеңілдету қажет», - деді.

Сонымен қатар Елбасы Қазақстанның мемлекеттік және жеке сектордағы корпоративтік басқару тәжірибесін дамыта түсетіндігін баса айтты.