Жергілікті уақыт бойынша 16.00-де Алматыдан 3 037 сұрақ келіп түсті. Еліміздегі ең ірі қаланың тұрғындарын денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, халықты әлеуметтік қорғау, құқықтық тәртіптің заңдылығы және проблемалары толғандырады.
Сұрақтардың басым бөлігі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыларға байланысты жалғызбасты аналардан, сондай-ақ тұрғын үй проблемалары толғандыратын Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, жас отбасылардан және әскери қызметшілерден түскенін талдау қорытындылары көрсетті.
Сонымен қатар, алматылықтарды жеке мәселелер толғандырады, олардың көбісі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастарға патриоттық тәрбие беру проблемалары, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға 2010 жылы төрағалық ету мәселелері қозғалған. Сондай-ақ көптеген қалалықтар Елбасыға дағдарысқа қарсы қолданылып отырған іс-шаралар, ел ішіндегі тыныштық пен тұрақтылық, ұлтаралық келісімді нығайтқаны үшін алғыстарын білдіреді.