Нұрсұлтан Назарбаевты құттықтаған хаттар «Халықаралық Еуразия Үйінің» атынан профессор А.Саркисяннан және Батум теңіз портының (Грузия) директоры З.Шургаиядан келді.
Н.Ә. Назарбаевты мерейтойы және Астана күнімен құттықтаған жылы лебізді құттықтаулар қоғамдық ұйымдардан да келіп түсті. Атап айтқанда, Коринф қаласының (Грекия) Понтийлық қоғамының төрағасы И.И. Шонустан, бұрынғы отандасымыз, қарашай қоғамдық ұйымдарының кеңесінің атынан құттықтаған Б.С. Байрамқұловтан келді.