«Ұлықтау ақиқат сәтіне және Қазақстанның тәуелсіз тарихы есептелуінің жаңа нүктесіне, оның дамуының жаңа кезеңіне айналды. Бүгінгі күні біздің қоғамда орын алып жатқан барлық өзгерістердің Ассамблея жылында өтуінің нышандық мәні бар әрі Президент ұсынған реформалардың негізгі үш блогын тұйықтайды. Олар: «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты, институционалды реформалар және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы. Мұның барлығы да қазіргі геосаяси өзгерістер, қаржылық дағдарыс және бүгінгі таңда бүкіл әлемде орын алып отырған саяси тұрақсыздық жағдайында Қазақстанның дамудың жаңа кезеңіне өтуін, әлемнің барынша дамыған 30 елінің қатарына қосылуын көздейді», - деді Л.Прокопенко.
Осы ретте ол ҚР Президентінің бейбітшілік пен келісім саясатының қоғамды, халықты ұйыстыратын бірегей шара екендігін баса атап өтті. Сонымен қатар хатшылық меңгерушісі ҚР Президенті ұлықтау рәсімінде «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын жария еткенін еске салды.
«Бұл жоспар біздің өмірімізді жан-жақты қамтитын болады. Оны біздің халқымыз бейбітшілік пен келісімді толық сақтағанда ғана жүзеге асыра алатындығына сенімдімін», - деді ол.