ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

***

М.Б. Бекетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Марат Бақытжанұлы Бекетаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы 11 желтоқсан

№ 131