ҚР Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Ерлік Әбдірақымұлы Кененбаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.