ҚР Президентінің «Алтын сапа» жүлдесіне үміткерлер арасында байқау өткізіледі

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекет басшысының 2006 жылғы қазанның 9-дағы №194 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» жүлдесіне үміткерлер арасында байқау өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты - отандық өнімнің сапасын арттыру үшін мемлекеттік, өнеркәсіптік, жекеменшік және қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру.