ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли: Бүгінгі Тамыз конференциясынан не түйдік

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Тамыз конференциясы туралы ойларымен бөлісті. Ол туралы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат


Төр  қайда, кресло  қайда?

Мына бірінші суреттен, сахнадан не байқадыңыздар? Көпшілік осыған мән бермеді ау деймін. Байқасаңыздарбиік мінбер жоқ. Президент, ПӘ басшысы, Үкімет басшысының орынбасары, министржәне басқа да білім саласының қызметкерлері бір деңгейде отыр. Яғни, бәрімұғалімдердің алдында, бір-бір «партада» отыр. Төрге шығып, өзгенің төбесінентөніп отырған кресло жоқ. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстаздарға деген құрметідеп ойлаймын. «Ұлық болсаң, кішік бол!» деген осындай болар.

Орынсыз  қошемет  жоқ

Екінші видеода Президент сөз сөйлеп тұр. Білім саласындағы өзекті мәселелерді көтерді, ұстаздар қауымына жасалатынжақсылықтар, оқушыларға, жастарға қойылатын талаптар, ғылымның күйі және т.б..Ешқандай ду-ду еткен қол шапалақ жоқ. Неге? Өйткені, оны Мемлекет басшысы қажететпейді. Тіпті, бір-екі жерден шапалақ ұрылып еді, Президент сөзін үзген жоқ.Одан арысын залдағылар да түсінді.

Мақтаусыз  баяндамалар

Сөз сөйлегендер нақты өзі істеп жүрген жұмыстарын, білім мен ғылымды дамытудың қадамдарын, өз пікірлері мен ұсыныстарын айтты. Мемлекет басшысын жатта кеп мақтау, мадақтау жоқ. Шыны керек, Қасым-Жомарт Кемелұлыөзіне мадақтау айтыла бастаса қатты қысылып, өзін ыңғайсыз сезінетін адам. Солсебепті де, көпіртіп мадақтап, көлгірсіп сөйлегенді ұната бермейді. Жалпы,алдағы уақытта да Президенттің өзін жат та кеп мақтап, мадақтаудан гөрі, айтқансөздеріне, оның маңызы мен мазмұнына, көтеріп отырған мәселенің өзектілігінекөңіл бөлінгені жөн болар еді.

Жалаң  ұрандар  мен  банерлер

Естеріңізде болса, Президент көктемдегі сұхбаттарының бірінде ешқандай да банерлер мен суреттерін ешқайда ілдірмейтінін айтқан болатын. Тіпті, Маңғыстауға сапарыбарысында өзінің суреттері бар банерлер ілінгенін көріп, бірден алдырыптастаған болатын. Сол үшін аймақ басшысы сөз естіп те қалған еді. Міне, 5күннен кейін Қасым-Жомарт Кемелұлының Мемлекет басшысының қызметіне кіріскеніне5 ай болады. Қай аймақта, немесе қай кеңседе Қ.Тоқаевтың суреті ілініп, банеріқыстырылды? Жоқ. Бүгін де солай болды. Ешқандай жалынды ұрандар мен жалпақ банерлер жоқ. Бәріқарапайым.

Анық  айтты,  нақты  тапсырмалар  берді

Президент білім саласындағы барлық түйткілді мәселелерден хабардар екенін байқатты.Үш тілді білім беруге қоғамның дайын емес, ата-аналар наразы екенін, үш ауысымдымектептердің мәселесі шешілмегенін, 12 жылдық білімге бірден ауысып кетеалмайтынымызды, ғылымның сын көтермейтінін, әсіресе, мұғалімдердің мүшкілжағдайы мен жергілікті биліктің ұстаздарды әлі де орынсыз «жұмсап» отырғанынбәрін біледі. Осыларды жою үшін Үкіметке 8 нақты тапсырма берді. Яғни, Мемлекетбасшысы «жауырды жаба тоқып» отырған жоқ. Проблеманы ашып көрсетті, шешу жолдарынабағыттады. Ендігі үміт Үкіметте.

«Кішіпейілділік кісіліктің  белгісі»

Аймақтан келген қарапайым мұғалімдер Президенттің қасына келіп, рұқсат сұрап суретке түсіп жатты. Ешкімге жоқ деген жоқ. Тіпті, қал-жағдайларын сұрап, мейілінше өзінің қарапайымдылығынкөрсетті. Одан кейін, білім саласына еңбегі сіңген ұстаздарды марапаттады.Жалпы Қасым-Жомарт Кемелұлы расында жомарт. Мен бұны жағымпазданып жазыпотырғаным жоқ. Ол кісінің табиғаты сондай. Оған көзім жетті. Естеріңізде болса,көктемде осы лауазымға кірісе салысымен бүкіл аймақтарды аралап шықты. Сондақай облысқа барса да, сол елге еңбегі сіңген қарапайым еңбеккерлердімарапаттап, қолдарын алып, алғысын білдіріп жатты. Бұл жол 5 ұстазға өз қолыменбергенімен, бүгін жалпы білім саласының 14 қызметкері Президенттің қолықойылған марапаттарға ие болды.

Айтайын дегенім, «өзгерісті өзіңнен баста» деген қағида бар ғой. Мемлекетбасшысы елді өзгертуге қарай бірнеше қадам жасады, енді қоғам да мейіліншеөзгеруге, қарапайымдылыққа, еңбекқорлыққа қарай ұмтылса екен деген тілек!