ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысы әкімінің өкімімен аталған қызметке Нариман Мақұлбеков келді.
Нариман Мақұлбеков 1968 жылы Қызылорда қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Қызылорда қаласындағы автобазада слесарь болып бастаған. Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтегеннен кейін Қызылорда қалалық прокуратурасының тергеуші стажерінен облыс прокурорының орынбасары, Бас прокуратураның департамент бастығына дейінгі қызмет сатысынан өткен. Жеке секторда - «Jfc colos» ЖШС директорының кеңесшісі болған. Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымында болды.
2021 жылдан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі қызметін атқарды.
Еске салайық, бүгін Шиелі ауданына жаңа әкім тағайындалғанын жазған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.