«Президент қолына қанша рет домбыра алды? Санап жіберейік», - делінген Инстаграмда телерадио кешенінің жария еткен бейнеролигінде.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Елбасы 2 мыңнан астам домбырашының өнерін тамашалады.
Н. Назарбаев тыңдаушысын жігерлендіретін төкпе күйлер мен сыршыл шертпе күйлер қазақтың табиғатын танытатынын атап өтті.
«Қастерлі аспап бүгінде симфония мен операға әр беріп, классикалық өнердің ажырамас бөлшегіне айналып келеді. Ол - қазақтың бренді мен паспорты, ешкімге ұқсамайтын қайталанбас келбеті», - деді Елбасы.