ҚР Президентінің қатысуымен индустрияландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік сарайында «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» жалпыұлттық телекөпірі басталды. Оған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, Мемлекет басшысы бүгін аймақтардағы индустриалдық жобаларды іске қосады. Жалпыұлттық телекөпір барысында сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы есеп айтылады деп күтілуде.

Жалпыұлттық телекөпір жуырда жариялаған «Жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы аясында өтеді.