ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңес өтті

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін елордада, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Президентінің Қазақстан халқына арналған Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңес өтті.

«Бүкіл дүниежүзін қаржы дағдарысы қыспаққа алып, Батыстың ең дамыған елдерінде әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы барынша қысқартып жатқанда Елбасымыздың Жолдауы арқасында біздің елімізде денсаулық сақтау, білім беру, халықты жұмыспен қамту салаларына бөлінетін қаржы мөлшері еселеп артып отыр. Жолдауға сәйкес республикалық бюджеттен орасан зор қаражат бөлінуде. Мұның бәрін біз Елбасымыздың әрбір қазақстандыққа жасаған қамқорлығы ретінде қабылдауымыз керек және сіздер оны өз өңірлеріңіздің әрбір тұрғынына ұғынықты тілмен түсіндіріп, жеткізулеріңіз қажет», - деп атап өтті жиында сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Кеңеске ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова, Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай, барлық облыс әкімдерінің орынбасарлары, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.