«Елімізде алғаш рет облыс әкімі ретінде әйел адам тағайындалды. Ұлттық кеңестің екінші отырысында Президент партиялық тізімнің 30%-ын әйелдер мен жастар құрауы керектігі туралы бастама көтерген болатын. Соған сәйкес заң жобасы дайын, қазіргі уақытта талқылануда», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram парақшасына .
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Гүлшара Әдбіхалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.