ҚР Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақпарат» ХАА оқырман назарына құжат мәтінін ұсынады.

  

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

 

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:

1) «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы»
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 29 маусымдағы
№ 645 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 22, 270-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

         3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын-үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

       4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

       4-тармақ алып тасталсын;

2) «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 26 сәуірдегі № 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 10, 94-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және
2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

3) «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы
18 тамыздағы № 1166 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 322-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

2-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;»;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       тоқыма бұйымдарын өндіруді;

       киім шығаруды;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       химия өнеркәсібі өнімдерін өндіруді;

       металлургия өнеркәсібін;

       жиһаз шығаруды;

       автокөлік құралдарын шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2)  ақпарат және байланыс;

       3)  кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет;

4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1), 2),
3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және инновациялық технологиялар саласындағы АЭА қатысушылары үшін АЭА-ның аумағында қызметті жүзеге асыру талабы қызметтің мына түрлері:

1) бағдарламалық қамтылымды, дерекқорларды және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарын жобалау, әзірлеу, ендіру, тәжірибелік шығару және шығару, сондай-ақ дата-орталықтардың көрсетілетін қызметтері, электрондық көрсетілетін қызметтер;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында жобаларды жасау мен енгізу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін міндетті талап болып табылмайды.»;

4) «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 шілдедегі № 1605 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 28, 344-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

       5) «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 495 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 560-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

       3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

6) «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 21-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері мыналар болып табылады:»;

       7) «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 24 қарашадағы № 181 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 17-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

       8) «Павлодар» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы № 186 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 47-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

       9) «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 қарашадағы
№ 187 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 4,
74-құжат):

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2)   қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

       3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;

       4) жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер ұйымдастыруға арналған ғимараттарды, музейлерді, қойма және әкімшілік ғимараттарды салу болып табылады.»;

       10) «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 426 Жарлығына:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. АЭА аумағындағы қызмет түрлері:

       1) мыналарды:

       тамақ өнімдерін өндіруді;

       сусындар шығаруды;

       темекі бұйымдарын өндіруді;

       жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді;

       сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді;

       жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді;

       жиһаз шығаруды;

       машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп;

       2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың
1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру болып табылады.»;

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

     Президенті                                                                       Н.Назарбаев

  

  

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  25 қараша    

 

№ 377