Биылғы президент сайлауы бірқатар ерекшеліктерімен, ең алдымен, рекордтық сандарымен сипатталады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың рейтингісі үнемі өсіп отырғаны ерекше атап өтуге тұрады, оны өткен президенттік сайлау нәтижелері де көрнекті дәлелдеп берді.
Айталық, 1999 жылы сайлауда Қазақстан Президенті 79,78% дауыспен жеңіске жеткен болатын. 2005 жылы Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 91% қолдауына ие болды. 2011 жылы - 95,55% дауыс алды.
Президенттік сайлаудың тағы бір айрықша ерекшелігі - сайлаушылардың бұрын болып көрмеген белсенділігі.
Сайлау ашықтығымен, демократияшылығымен және мөлдірлігімен сипатталады. Дауыс беру барысында өрескел қателіктер тіркелген жоқ.
Сайлауға халықаралық ұйымдар мен миссиялар оң бағасын беріп, сайлау үдерісінің жақсы ұйымдастырылғанын және ашықтығын сипаттап өтті. Сонымен бірге, Қазақстандағы президенттік сайлаудың өткізілуі басқа мемлекеттердің стандарттарына сәйкес келетіні, оның ұлттық топтасу және демократиялық институттар құрылысы үдерісін жалғастырып отырғаны аталып өтілді.
Президенттің рейтингісінің өсу серпіні Нұрсұлтан Назарбаевқа және оның стратегиялық реформаларына халық қолдауының жоғары деңгейін көрсетеді. Соның арқасында Мемлекет басшысы басқа кандидаттардан сенімді түрде үлкен арақашықтықпен қара үзді.
Бүгінде мұндай жоғары электоралдық көрсеткіштер және бірауыздан қоғамдық қолдау әлемде өте сирек кездеседі.
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік сайлаудағы жеңісі оның мақсатты және тұрақты даму жолындағы аса зор және жанқиярлық еңбегінің нәтижесі болды, сондай-ақ ол республиканың соңғы бірнеше жылдағы жетістіктерін көрнекі көрсетті.
Сөйтіп, Қазақстандағы сайлау қорытындылары Көшбасшы мен республика халқының бірлігін айқын көрсетіп, қазақстандық сайлаушылардың еркін толық көлемінде бейнеледі.