Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Бас прокуратураның Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтарды қадағалау департаментінің бастығы Андрей Кравченко мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш өтініштердің 9-ы прокуратура органдарына, 5-еуі учаскелік сайлау комиссияларына, 1 өтініш сотқа жолданған. Олардың барлығы кезектен тыс сайлауда орын алып отырған мәселелерге байланысты болып отыр.
Прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, прокуратура органдары аталған шағымдардың бір парасы бойынша тиісті шаралар қолданды. Ал шағымдардың тағы бір бөлігі іс жүзінде расталмаған. Азаматтар тарапынан түскен шағымдарға қарамастан Бас прокуратура өкілі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын "тыныш әрі арыз-шағымдар ең аз түскен сайлау" деп бағалады.