Қабылдауға келген қала тұрғындарыәртүрлі бағытқа қатысты мәселерлері қозғады. Олар - жұмысқа орналасу, әлеуметтік жәрдемақы алу, атаулыәлеуметтік көмек тағайындау тәртібі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығынқатысты мәселелер. Азаматтар тарапынан түскен сұрақтардың 70 %-ға жуығы тұрғынүй, әлеуметтік қолдау және білім беру мәселелеріне қатысты болды. Азаматтардыңөтініштері мен ұсыныстарына жауап бере отырып, Аида Балаева тұрғын үйлермемлекеттік тұрғын үй қорынан тек өз кезегімен берілетінін мәлімдеді. Соныменқатар, тұрғын үймен және кез келгенкөмекпен қамтамасыз ету тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасынасәйкес орындалатынын атап өтті. Мектепке дейінгі білім беру проблемаларынкөтерген қала тұрғындарының арасында балаларды мектеп формасымен қамтамасыз етумәселесін қозғаған аналар да болды.Қабылдауда көтерілген барлық сұрақтар нақтыланып, олардың шешімдері бақылауғаалынды. ҚР Президентінің көмекшісі Аида Балаева тиісті департамент басшыларынанақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Аида Балаевамен жеке кездесуге ниет білдірушілердің саны өтекөп болды. Мәселелердің көпшілігі қала әкімдігі деңгейінде шешілу мүмкіндігінеқарамастан, тұрғындар Президент көмекшісіне деген сенімділіктері жоғарыекендігін көрсетті.