«Үкіметтің кеңейтілген отырысының барысын мұқият қарадым, өйткені күн тәртібінде өте маңызды мәселелер қозғалды. Біз әлемде не болып жатқанын көріп отырмыз, - барлық елдер қиыншылықтарды бастан кешуде, кей жерлерде жағдай ушыға түскен, өкінішке орай жанжалдар да болып жатыр. Сондықтан да адамдар өздерінің болашағына алаңдаулы. Мемлекет басшысының сөздері орынды айтылған. Олар бүкіл қазақстандықтардың тұрақты болашағына сенім ұялатты», - деп атап өтті И.Несен.
Оның айтуынша, Қазақстан Президентінің көптеген нұсқаулары дәйексөз ретінде Интернетті шарлап кетті және әрбір қазақстандық оларды іс-қимылға басшылыққа алды. «Қазір халықтың басым бөлігі әлемдік желіні пайдаланады, теледидар қарайды. Сондықтан да Нұрсұлтан Әбішұлының сөздері отбасында, ұжымдарда тілге тиек етіледі. Оларды еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті қызметінде негізге алуы тиіс деп ойлаймын. Мемлекет басшысы айтқандай, бәріміз бірге ғана қазіргі заман қатерлерін еңсере аламыз. Біз мұны істейтінімізге сенімдімін. Білекті сыбанып, әсіресе біздер, жастар іске кірісуіміз қажет», - деп сөзін түйіндеді сұхбаттасушы.