Алматы облысында Конституция күніне арналған бәйге өткізу дәстүрге айналған және биылғы жылы он бірінші рет өткізілді. Турнирге Қазақстанның барлық облыстарынан, сондай-ақ Қырғызстаннан келген атбегілер қатысты.
Қатысушылар топ бәйгеден, жорға жарыстан және аламан бәйгеден сайысқа түсті. Жарыстың барлық түріндегі жеңімпаздар машинаның кілттеріне және ақшалай сыйлықтарға ие болды.
Президент Кубогын және жолсызбен жүретін шетелдік машинаны Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны жеңіп алды.