«Алдағы чемпионатқа Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз бен сәйгүлік қатысады», - деп хабарлайды ҚР Ат спорты федерациясына сілтеме жасаған Астананың 15 жылдығын әзірлеу мен өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа тобы.
Үш күн бойы ҚР Президентінің Кубогы, Ұлт Кубогы, ENRC кубогы, Maserati Кубогы, Samsung Кубогы үшін командалық және жеке жарыстарда чемпиондық атаққа бақ сынасатын болады.
Ресейлік «үшжұлдызды» деңгейдегі курс-дизайнер Владимир Платов қатысушылардың 120-дан 160 см-ға дейінгі биіктікті қателіксіз жүріп өтуіне бағдар жасамақ. Олардың шеберліктерін халықаралық ат спортының беделді төрешілері: Марек Залески (Польша), Анна Скабард (Украина), Кео Чанг Янг (Корея), Сарпартап Синх (Индия) бағалайтын болады.
Астана ипподромының жарыс алаңында Орталық Азияның көрнекті шабандоздарының арасында қызықты тартыс бәсекесі қызбақ. Оны классикалық ат спортының 3000-ға тарта жанкүйерлері тамашаламақ. Ипподромға кіру тегін.