ҚР Президентінің кубогы үшін теннистен өткен халықаралық турнирде қазақстандық спортшы Андрей Голубев жеңімпаз атанды

p; Қарашаның  9-ы. ҚазАқпарат /Серік Сабеков/ - Қазақстан Президентінің Кубогы үшін «АТР- Челленджер» сериясы бойынша теннистен халықаралық турнирде   Андрей Голубев   жеңімпаз  атанды.

Турнирдің ақтық  ойынына      Нұрсұлтан  Назарбаевтың  өзі   келіп,       ойыншыларға жанкүйер  болды.   Осымен 14   рет  өтіп  отырған теннис   турнирі     АТР  әлемдік  турнирлерінің сериясына кіріп,    халықаралық      турнир мәртебесіне ие  болды.

Бұл жолы  ақтық   ойында  Қазақстанның  бірінші    ракеткасы Андрей  Голубев  пен украиналық   спортшы Илья  Марченко кездесті.   6:3 есеппен  бұл   кездесуде   қазақстандық спортшы жеңіске жетті.    Айта кету керек,  бұл  Андрейдің осы  турнирдегі екінші   жеңісі.