ҚР Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды

None
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Амантай Жанкеұлы Күреңбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары қызметінен босатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.