«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанға жасаған сапарының екінші күні Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысты.
Жиында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі жөнінде пікір алмасты, 2019 жылғы басым бағыттардың жүзеге асырылуын қорытындылап, алдағы даму жоспарын анықтады»,-делінген хабарламада.