«Тікелей эфир Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:15-те басталады. Президенттің сөйлеген сөзін осы сілтеме арқылы көруге болады», - деді Берік Уәли.
Бұдан бұрын хабарланғандай, 14 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Мюнхен қаласына жұмыс сапарымен келді.Қасым-Жомарт Тоқаев Германиядағы Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Мюнхенде Германияның үздік компанияларының мүмкіндіктерімен танысты. Мұнымен қоса, Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «BayWa AG» компаниясының басқарма төрағасы Клаус Лутцпен кездесті.