Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын шақыру туралы
1. Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясы 2013 жылғы 24 сәуір күні Астана қаласында «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен шақырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырмасыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда