АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен Самат Бағдатұлы Әшімбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Дәулет Рымтайұлы Айтжанов Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.