деп хабарлады ҚР СІМ Баспасөз қызметі.
Әңгімелесуші тараптар Қазақстан мен Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық мәселелерін және оның нығаюы мен кеңеюін талқыға салды. Қазақстан мен Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы арасындағы ынтымақтастық 2004 жылы Страсбург қаласында қол қойылған ҚР Парлементі мен ЕКПА арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі келісімге негізделеді. Сол кезден бастап ҚР Парламенті делегациясы Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының сессиялары мен комитеттерінің отырыстарына, ал ЕКПА Қазақстанның тиісті шараларына қатысуда.
"3 сәуір күні өтетін Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы елдің демократияға қарай жасаған маңызды қадамы деп танимыз", - деді өз сөзінде М.Чавушоглу. Осыған байланысты Еуропалық Кеңестің Парламенттік Ассамблеясы сайлауды байқауға өз тарапынан арнайы делегация жолдауға шешім қабылдап отыр.
Өз кезегінде Қ. Саудабаев әңгімелесуші тарапқа қабылдаған шешімі үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы сайлауға халықаралық қауымдастық өте үлкен көңіл бөліп отырғанын атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ТМД Атқарушы комитеті, ҰҚШҰ, Парламенттік Ассамблеясы, ИКҰ, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар өз байқаушыларын жолдап отырғаны осының айқын дәлелі болып табылады. Сонымен қатар,Сыртқы саяси ведомство басшысы Қазақстанда олардың жұмыс жасауына және сайлауды халықаралық талаптарға сай өткізуге толық жағдай жасалғанын ерекше атап айтты.