онда Нұрсұлтан Назарбваевтың қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасы жарияланады.
Мемлекет басшысының ресми сайты және Президенттің баспасөз қызметінің твиттер-акаунты Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігі қызметі туралы ақпараттардың тең дәрежедегі және бірден-бір ресми көздері болып табылады.
Барлық ақпараттық агенттіктеріне, жаңалықтар ленталарына, сондай-ақ басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдарына Мемлекет басшысының ресми сайтын ғана емес, сондай-ақ баспасөз қызметінің твиттер-акаунтын ресми және сенімді ақпараттық ресурс ретінде өз қызметінде пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар ақпарат көзіне сілтеме жасау қажет. Баспасөз қызметі сондай-ақ Президенттің ресми сайтынан фото және бейнематериалдарды кеңінен пайдалануға кеңес береді.