деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазірдің өзінде балалар үйлерінен 200 өтініш түсті, қыркүйектің 1-інде оқу жылын бастайтын шығармыз деп ойлаймын», - деді Бірлік Қапезов. Оның айтуынша үздік оқытушыларға лицей аумағынан 25 пәтер (1 және 2 бөлмелі) берілетін болады.
Қапезов бұл лицейдің Президенттің тапсырмасы бойынша салынғанын атады және бұл жетім балаларға арналған жалғыз оқу орны. Болашақта балалардың жұмысқа орналасуы жеңіл болады деп ойлайды ол, өйткені олар оқытатын кәсіптер еңбек рыногында сұранысқа ие. Барлық шеберханалар беларус, ресей және ағылшын өндірістерінің заманауи өнімдерімен жарақталған.