«Бұл жетістіктердің басында телерадиокешеннің білікті басшысы Раушан Қажыбаева ханым тұр. Кілең кәсіби деңгейі жоғары өз ісінің майталман мамандарды жиналған ұжымның жұмысына алдағы уақытта да сәттілік тілеймін!»,-деді Берік Уәли.
Президентінің Телерадиокешені 2021 жылы әлеуметтік желілерінде 464 бейнеролик жариялады. Олардың ішінде:
- Мемлекет басшысының қызметі туралы 290 бейнеролик;
- ҚР Президентінің Instagram-дағы аккаунтында 18 бейнеролик жарыққа шықты;
- Мемлекет басшысының қызметінің қорытындысы бойынша жыл басынан бері апта сайынғы 104 бейнеролик дайындалды;
- Президенттің мемлекеттік/ ресми/ жұмыс сапарларынан 39 бейнешолу.
Мемлекет басшысының аймақтарға және шетелдерге жасаған сапарлары, тапсырмалары мен Қазақстан халқына арналған Жолдау аясында 40-тан астам деректі және қысқаметражды фильм түсірілді.