Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Б.Т. Сұлтановты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлығы
Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен босатылсын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2013 жылғы 6 қараша
№ 684