ҚР Президентінің Жарлықтарымен Б.Байбек пен Б.Қуандықов қызметтерінен босатылды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен басқа жұмысқа ауысуына байланысты:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметінен;

Болатбек Баянұлы Қуандықов Қызылорда облысының әкімі қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.