ҚР Президентінің Жарлықтарымен Швециядағы, Аргентинадағы және Чилидегі елшілер тағайындалды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Дастан Шериазданұлы Елеукенов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақытжан Ордабаев Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.