ҚР Президентінің Жолдауындағы бағыттар Қазақстанның одан әрі нық қадам басуының қисынды жалғасы болып табылады - Г.Хосроев

МИНСК. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Қазақстан басшысы өзіне тән мәнерімен Тәуелсіздік жылдарындағы ел дамуының қорытындысын жасады, шынымен әсер қалдыратын стратегиялық перспективаларды белгіледі.

ТМД Атқарушы комитеті департаменті директорының орынбасары Георгий Хосроев ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына осындай баға берді, деп хабарлайды Беларустағы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашақты бірге жасаймыз!»» атты халыққа арнаған Жолдауымен үлкен қызығушылық таныта отырып таныстым. Жолдаудың әлеуметтік бағыты, халықтың өмір сүру жағдайын арттыру үшін алға қойылып отырған үлкен міндеттер өте өзекті болып табылады. Қазақстан Н.Назарбаевтың басшылығымен үлкен әлеуметтік-экономикалық жетістіктерге қол жеткізді, халықаралық қоғамдастықтың беделді әрі өзін мойындатқан мүшесіне айналды, оған Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға ойдағыдай төрағалық етуі, Ұйымның Астанада өткен Саммиті дәлел бола алады. Ал Жолдауда айтылған бағыттар Қазақстанның одан әрі нық дамуы, ел және ұлттың бәсекеге қабелттілігін арттырудың қисынды жалғасы болып табылады», - дейді Г.Хосроев.