ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Кемел Тоқаевтың архивтегі суреттерін жариялады
20:51, 17 Сәуір 2025
АСТАНА. KAZINFORM - ҚР Президентінің кеңесшісі- Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook парақшасында Кемел Тоқаевтың 1984 жылы Маңғыстауда түскен суреттерін жариялады.
Суреттерде Қазақстан Президентінің әкесі, танымал жазушы, редактор, Ұлы Отан соғысына қатысушы Кемел Тоқаев тұр. Суреттер 1984 жылы Маңғыстауда түсірілген.
- Майдангер-жазушы Кемел Тоқаев Маңғыстауда, 1984 жыл,- деп жазды Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында.