ҚР Президентінің Протокол қызметі консультантының міндетін атқарушы тағайындалды
16:08, 07 Қазан 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Лейля Гимранова Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі консультантының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Лейля Қазақстан-Британ техникалық университеті және Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің түлегі. 2023 жылғы Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Аталған лауазымға тағайындалғанға дейін «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясының» Жобалар департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.