ҚР Президентінің Іс басқармасы: Ардагерлерге қамқорлық жасау — құрмет пен тарихқа ізет
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасына қарасты мекемелер соғыс ардагерлеріне қамқорлық жасау дәстүрін жалғастырып отыр.
Павлодар облысы Баянауыл ауылында тұратын соғыс ардагері Қайыр Хасеновті «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС қызметкерлері құттықтады.
Бас директоры Артем Тоненчуктың басшылығымен ардагердің үйіне барып, Қайыр Хасеновке шайға жемістер мен тәттілер себетін сыйлады, сонымен қатар, қомақты сыйлық ретінде үйден жоғары білікті медициналық тексеру ұйымдастырды.
Медициналық орталық ауруханасы ҚР ПІБ әріптестерінің бастамасын қолдап, дәрігер-терапевт Жасұлан Мергенбаевты ардагердің денсаулығын тексеруге жіберді.
Сондай-ақ, «Қазқұрылысжүйесі» ұжымы ардагерге денсаулығын дұрыстау үшін қажетті рәсімдер мен сауықтыру массажы курсына төлемақы жасауға материалдық көмек көрсетті.
Қайыр Хасенов қамқорлық пен көңіл бөлуге қатты қуанды, қонақтарды жылы қарсы алып, өзінің өмірі мен майдан жылдары туралы әңгімелеп берді және Жеңіс күнінің мерейтойлық мерекесін асыға күтетіндігі туралы айтты.
«ҚР Президенті және Үкіметі әкімшілігінің әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК Алматы филиалының өкілдері де филиал директоры Азиз Бекбосыновтың басшылығымен соғыс ардагерлері: Василий Шипилов, Зулқарнай Сейітов, Ольга Савенко және Татьяна Алексеенконың үйлеріне барып, хал-жағдайларын білді.
Іс-шараны Алмалы әкімдігінің әлеуметтік қызметкерлерімен және «Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің және соғыс балаларының кеңесі» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырды.
Алдағы мерекемен құттықтаумен қатар, ардагерлерге: азық — түлік себеттері, жылы киімдер мен төсек-орын жабдықтары-көрпелер мен жастықтардан тұратын сыйлықтар табысталды.
Бейбітшілік пен бостандық үшін өз күштерін жұмсаған жандарға қамқорлық көрсету ҚР Президенті Іс басқармасының миссиясының маңызды бөлігі болып қала береді. Мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтады және отандастарымыздың ерліктерінің ешқашан ұмытылмайтынын еске салады, деп атап өтті ҚР Президентінің Іс басқармасында.