«Бүгін Палаццо Киджиде ҚР Президентін @tokayev_online қабылдағаныма қуаныштымын. Оның сапары біздің әріптестігіміздің стратегиялық құндылығын және халқымыздың арасындағы қарым-қатынастың үздік деңгейін көрсетеді. Көптеген стратегиялық секторлар бойынша өзара тиімді түсіністіктің маңызды хаттамаларымен алмасу және бірлескен декларацияны қабылдау — әріптестікті дамытуға, сондай-ақ Қазақстан және Орталық Азиямен байланысты нығайтуға деген ниеттің дәлелі», — деп жазды Италия Министрлер Кеңесінің Төрағасы.
Осыған дейін Джорджа Мелонидің Қазақстан Президентін «Киджи» сарайында күтіп алғаны хабарланған болатын.