Махамбет Өтемісұлы атындағы қалалық оқушылар сарайында орналасқан нөмірі 98-ші сайлау учаскесіне Әбілғазы Құсайынов алғашқылардың бірі болып келді. Тіркеуден өтіп, бюллетень алды. Дауыс беріп болған соң кандидат сайлау науқанына қатысу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарына арнап сұхбат берді. Өз сөзінде ол учаскедегі ұйымдастыру жұмыстарына көңілі толатынын жеткізді.
-Жалпы сайлау науқаны қалай өткені толықтай көңілімнен шықты. Үлкен жұмыс атқардық. Бүгін мемлекет үшін тарихи маңызды күн! Дауыс беріп шықтым. Сайлау учаскесіндегі ұйымдастыру жұмыстары ойдағыдай. Енді сайлау қорытындысын күтеміз, - ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов
Учаскелік сайлау комиссиясының мәліметінше, мұнда жалпы 2 431 сайлаушы тіркеуде тұр.