«Поколение» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Ирина Савостинамен кездесті. Онда зейнеткер жасындағы адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру, ТКШ проблемалары, ел азаматтарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Поколение» қозғалысының өкілдері зейнетақы есептеу жүйесін реформалаудан кейін әділетсіз жағдайда қалған мыңдаған зейнеткерлердің өтінінштеріне баса назар аударды.
Ғ.Қасымовтың айтуынша, оның сайлауалды тұғырнамасы әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған. «Бұл қозғалыс біздің зейнеткерлеріміздің, әсіресе ешқандай жеңілдікке жатпайтын адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда орасан зор жұмыстар жүргізіп келеді», - деп атап көрсетті Ғ. Қасымов.
«Зейнетақыны қайта есептеу, базалық зейнетақы деңгейін көтеру - халықтың әлеуметтік әлжуаз жіктерінің бүгінгі күні ең өзекті мәселелері болып отыр. Мұны жасыруға болмайды деп санаймын. Сондықтан да Үкімет ең алдымен осы мәселені шешуі тиіс», - деп мәлімдеді сенатор.