«Мен әкімшілік басқарудың түсінікті әрі «қысқа» жүйесін құруды ұсынамын. Үкімет - министрлік - аудандық әкімдіктер», - дейді Ғ.Қасымов және ол өзінің көппартиялық парламентті жақтайтынын атап айтты.
Ғ.Қасымовтың айтуынша, қазір облыстар мемлекет кезінде мол қаржы салғандықтан аяқтан тік тұрған, енді өздері ақша табуы тиіс.
«Мемлекеттің қаржысы мен көмегі ауылдарға жіберілуі керек. Біз бір-екі жыл ішінде ауылдарымыз Эстония, Франция мен Жапониядағы сияқты шағын қалашыққа айналатындай қайта құратын боламыз», - деп уәде етті ҚР президенттігіне үміткер.